Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Мен Бабылдың әміршілері мен данышпандарын, билеушілерін, әкімдері мен жауынгерлерін мас қыламын. Сонда олар терең ұйқыға батып, содан ешқашан қайтып тұрмайды! — деп нық айтады есімі «Әлемнің Иесі» деген Патша. — Ей, Балташазар, білімпаздардың үстінен қарайтын басшы! Саған киелі тәңірлердің рухы қонғандықтан, сен шеше алмайтын құпияның жоқ екеніне көз жеткіздім. Мына түсімді тыңдап, ондағы көріністерді жорып берші. Көп жылдан кейін Белшазар патша өзінің қол астындағы бір мың басшы-ұлығына арнап үлкен қонақасы беріп, сонда бәрінің көз алдында шарап іше бастады. Соның дәмін татқаннан кейін Белшазар: «Атам Набуходоносор кезінде Иерусалимдегі ғибадатханадан алып келген ыдыстар келтірілсін!» — деп бұйырды. Себебі Белшазар өзінің басшы-ұлықтары, әйелдері әрі кәнизактарымен бірге сол қасиетті ыдыстардан шарап ішпек болды. Патша қатты айқайлап, балгерлер, жұлдызшылар және сиқыршыларды шақыртып алды. Бабылдың білімпаздары жиналған соң, Белшазар оларға былай деді: «Кімде-кім осы жазуды оқып, оның мағынасын түсіндіріп берсе, сол патшалықтың үшінші билеушісі болады! Оған күрең қызыл шапан жабылып, мойнына алтын алқа тағылады», — деді. Патшаның шақырған білімпаз адамдарының бәрі алдына келді, бірақ ешқайсысы да жазуды не оқи, не түсіндіре алмады. Дәл сол түні халдей патшасы Белшазар өлтірілді.
Выбор основного перевода