Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Мағасияхтың немересі, Нирияхтың ұлы Сераях Седекиях патшаға еріп Бабылға елшілікке барды. Бұл Седекияхтың патшалық құрған төртінші жылы болды. Сераях сонда патшаның жол сапарларын ұйымдастырушы уәзірі болатын. Олар сапарға шықпас бұрын Еремия пайғамбар Сераяхқа бір хабарды аманаттады. Осы хабарды Еремия бір шиыршық кітапқа жазып қойған еді. Ол Жаратқан Иенің Бабылдың басына болашақта түсетін барлық пәлелер туралы айтқандарын қамтыды. Екінші ерекше періште оған ілесіп мынаны хабарлады:— Ол құлады: Ұлы Бабыл қаласы құлады! Ол күллі халықтарға өзінің жынды қылатын «азғындығының шарабынан ішкізіп» келді! —
Выбор основного перевода