Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Ассурдың әскерін Менен безіп, қаһарымды шақырған арсыз халыққа қарсы аттандырамын, әрі оны тонап, олжалауға, даладағы саз балшықтай таптауға жіберемін. Енді Кир туралы алдын ала былай деймін: Ол — Маған қызмет ететін бағушы, Менің еркімді түгелдей орындаушы. Кир «Иерусалим қайта салынсын!» деген жарлық шығарып, ғибадатхананың да негізін қайтадан салғызатын болады. Ендеше жиналыңдар, бәрің де құлақ салыңдар! Жаратқан Иенің сүйікті қызметшісі (Кир патша) Оның еркін Бабылда орындап, мықты қолымен сол елдегі халдейлерге қарсы шығатын болады. «Жалған тәңірлердің қайсысы бұны алдын ала білдіріпті? енді Мен бұйрық беріп, оларды осы қалаға кері қайтарамын. Олар қалаға тағы да шабуыл жасап, оны басып алады да, өртеп жібереді. Яһуданың басқа қалаларын да қаңыратып бос қалдырамын! — Жаратқан Ие осыны нық айтады. бабылдықтарды да, Пеход, Шоа әрі Қоаның барлық халдейлерін де, күллі ассурлықтарды да. Олар — әміршілер мен әкімдер, бәрі де шетінен көрікті, сайгүлікке мінген жігіттер болмақ. Бұларды саған қарсы жан-жақтан аттандырып алып келемін.
Выбор основного перевода