Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
«Сені күтіп тұрғаны — қорқыныш, ор әрі тұзақ, уа, Моабтың тұрғындары! — деп ескертеді Жаратқан Ие. — Қорқыныштан қашатындар орға түседі, ал ордан өрмелеп шыққандар тұзаққа түседі. Өйткені Менің Моабты күнәлары үшін жазалайтын уақытым келді!» — Жаратқан Ие осыны нық айтады. — Бабыл кенеттен жеңіліп, жау қолына түсіп, ойран болады. Оны жоқтап жылаңдар! Қиналғанын басатын май дәрі алдыртыңдар, мүмкін, сауығып та кететін шығар. — Бір шабарманнан кейін бір шабарман, бір хабаршыдан кейін бір хабаршы Бабыл патшасына асығып келіп, жаудың қаланы жан-жақтан басып алып жатқаны туралы мәлімдейтін болады: Олардың тәбеті қозған кезде, Мен оларға арнап басқа бір той өткіземін. Олар сонда көңіл көтеріп, мас болып, ұйқыға батады, ал соларынан ешқашан оянбайды! — деп жариялайды Жаратқан Ие. — Мен Бабылдың әміршілері мен данышпандарын, билеушілерін, әкімдері мен жауынгерлерін мас қыламын. Сонда олар терең ұйқыға батып, содан ешқашан қайтып тұрмайды! — деп нық айтады есімі «Әлемнің Иесі» деген Патша. Дәл сол түні халдей патшасы Белшазар өлтірілді. Оның патшалығын мидиялық Дарий иемденді. Сол кезде Дарий шамамен алпыс екі жаста болатын.
Выбор основного перевода