Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Бабыл қаласы — патшалықтардың сән-салтанаты, халдей халқының асқақ мақтанышы. Алайда Мен, Құдай, Содом мен Ғомораға істегенімдей, Бабылдың да астан-кестенін шығарамын. Бұл орындалғанда сен Бабыл патшасын мазақ еткен өлең айтып былай дейсің:Жауыз қанаушы қалайша тоқтатылды!Асқақтап тонауы оның доғартылды! Сол патша ұлттарды ашулана ұрғылады,Халықтарды тоқтатпай жаншып қудалады. (Жаратқан Ие былай дейді:) «Сен Менің сойылымсың, соғысқа арналған қаруымсың. Мен сені қолыма алып, халықтарды күйретіп, патшалықтарды құртамын. Иә, сені қолыма алып, ат пен салт аттыны, соғыс күймесі мен айдаушысын күйретемін. Сені қолыма алып, еркек пен әйелді, қарттар мен жастарды, бозбала мен бойжеткенді күйретемін. Сені қолыма алып, шопанды отарымен, диқанды жұп өгіздерімен, әкімдер мен әміршілерді күйретемін. Сионда жасаған зұлым істері үшін Мен сендердің көз алдарыңда Бабыл мен оның күллі тұрғындарына тиісті жазаларын тартқызамын», — деп нық айтады Жаратқан Ие. Олар Бабылдың көрген азабынан зәрелері ұша қорқып, қашықта тұрып былай деп жоқтамақ:«Ой, бауырым, басыңа қаралы күн туды! Ұлы, күшті Бабыл қаласы! Бір-ақ сағат ішінде үкімің кесіліп, іске асты!» Соншама зор байлық бір-ақ сағат ішінде құрып кетті-ау!»Барлық кеме басшылары мен жолаушылары, теңізшілер мен теңізбен күн көретін өзгелер де алыста тұрып, Сонда бір күшті періште үлкен диірмен тасындай дәу тасты алып, теңізге лақтырып жіберіп, былай деді:«Міне, осындай қатты екпінмен ұлы Бабыл қаласы да лақтырылып, тұңғиыққа батып кетеді. Ол енді қайтып көрінбейтін болады!»
Выбор основного перевода