Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Әмірші Жаратқан Иенің киелі үйіне, патшаның сарайына және Иерусалимдегі барлық үйлерге от қойып, үлкен ғимараттардың бәрін де өртеп жіберді. Біліп ал, Мен оған (үрейін ұшыратын) рухты дарытамын; сонда ол бір суық хабар естіп, еліне қайтып кетеді. Оны өз елінде семсердің жүзінен өлтіртемін. Осы аралықта ассурлық бас уәзір Ассур патшасының Лахыштан кеткенін біліп алды. Содан ол кері қайтып, патшаны Либна қаласына қарсы соғысып жатқан жерінен тапты. Тіпті Мысырдың жалдамалы жауынгерлері бордақыланған тайыншадай шайқасқа жарамайтын болады. Олар да бұрылып, бәрі бірдей қаша жөнеледі. Жазаларын тартып құритын күндері келгенде олар берік тұра алмайды. Қорқыныштан қашатындар орға түседі, ал ордан өрмелеп шыққандар тұзаққа түседі. Өйткені Менің Моабты күнәлары үшін жазалайтын уақытым келді!» — Жаратқан Ие осыны нық айтады. Уа, елдің тұрғындары, құритын күндерің келді! Уақыт таяп қалды, сот күні жетті! Тауларды орақтың көңілді әні емес, қатты қорқудың айқайы жайлайды.
Выбор основного перевода