Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Бірақ жетпіс жыл өткен соң, Мен Бабыл патшасын да, оның халқын да ауыр кінәлары үшін жазалап, халдейлердің елін мәңгілікке қаңыраған қу далаға айналдырамын. Сионда жасаған зұлым істері үшін Мен сендердің көз алдарыңда Бабыл мен оның күллі тұрғындарына тиісті жазаларын тартқызамын», — деп нық айтады Жаратқан Ие. Өзім мен туысқандарыма жасалған зорлық-зомбылық Бабылдың өзіне жасалсын! — деп өтінеді Сионның тұрғындары. — Біздің төгілген қанымыз халдей елінің тұрғындарының мойнына жүктелсін! — деп сұрайды Иерусалимнің халқы. Сен көрген он мүйіз де, айуан да опасыз әйелді жек көреді. Сондықтан олар оны елсіз-күйсіз, тыр жалаңаш қалдырып, талан-таражға салады, оның тәнін жалмап, қалдықтарын өртеп тып-типыл етпек.
Выбор основного перевода