Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сонымен оларға қарсы мына пайғамбарлық сөздердің бәрін де айт: Жаратқан Ие заңғар биіктен ақырып, Өзінің киелі тұрағынан даусын естіртеді. Ол осы шұрайлы елге Өзінің бар даусымен күркіреп, бүкіл жер бетінің тұрғындарына жүзімді таптап шырынын ағызатын жұмысшылар айқайлағандай қатты айқай салады. Иә, сені қолыма алып, ат пен салт аттыны, соғыс күймесі мен айдаушысын күйретемін. Сені қолыма алып, еркек пен әйелді, қарттар мен жастарды, бозбала мен бойжеткенді күйретемін. Бабылдың жасақшылары соғысуларын доғарып, қорғандарында отыр. Олар әлдері құрып, титықтаған, әйел іспетті күшсіз. Бабылдың үйлері өртеніп, қақпаларының ысырмалары сынып қалмақ. Құш, Либия, Лүдия, күллі арабтар, Хуб, әрі келісім жасасқан одақтас жердің бүкіл халқы олармен бірге семсерден қаза табады. Өз жасақшыларыңа көз тасташы: олардың барлығы да әйел сияқты әлсіз болады. Еліңнің қақпалары жауларыңа айқара ашылады, себебі олардың ысырмаларын от жалмап қояды.
Выбор основного перевода