Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
өзеннің өткелдері жау қолына түсті! Қаланың бекіністері өртеніп кетті! Жауынгерлер абдыраған!» Сол себепті Жаратқан Ие мынаны айтады:— Мен сенің мүддеңді қорғап қас жауыңа тиісті жазасын тартқызамын. Сонда Бабылдың көлін құрғатамын, оның бұлақтары тартылып кеуіп қалады. Жау Бабылды теңіздей қаптап, қала оның шексіз асау толқындарының астында қалады. Себебі Мен Бабылдың барлық тәңірсымақтарының мүсіндерін жазалайтын уақыт келе жатыр. Сонда Бабыл масқараланып, қаза тапқан адамдары ел ішінде шашылып жататын болады. Ал Жаратқан Ие мынаны айтады:— Біліп алыңдар, Мен Бабылдың жалған тәңірлерінің мүсіндерін жоятын күндер туады. Сонда оның бүкіл елінде жараланған адамдардың ыңырсуы естілетін болады.
Выбор основного перевода