Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сонда бұрынғы киелі үйді көздері көрген қарт діни қызметкерлер, леуіліктер және әулет басшылары осы жаңа киелі үйдің негізінің салынғанын көргенде қатты жылады. Ал басқа көптеген адамдар қуаныштан айқай салды. Осылайша қуанғаннан айқайлаған халықтың дауысын жылап-сықтағандардың дауысынан ажырату мүмкін емес еді. Айқай-шу өте зор болып, алысқа естіліп тұрды. Әлі кеш болмай тұрғанда Жаратқан Иеге бет бұрып, мойынсұныңдар! Иеміз құлақ салуға дайын тұрған осы кезде Оған сиынып жалбарыныңдар! Сол заман туғанда Яһуда халқы Солтүстік Исраил халқына қосылып, екеуі (жер аударылған) солтүстіктегі елдерден Мен өздерінің ата-бабаларына мұралық меншікке берген елге қайтып келеді. Олар қуаныштан жылап, Маған мінажат етеді; Өзім оларды өзен бойымен бастап, тегіс жолдармен сүріндірмей алып жүремін. Өйткені Мен Исраилдің рухани Әкесімін, әрі Ефрем — Менің тұңғышым іспетті». Яһуданың және Исраилдің адамдары тағы да бірігіп, өздеріне бір басшыны тағайындап алады. Олар (жер аударылған) елден қайтып келеді. Себебі (халық өз елін қайтадан қоныстанатын) «Ізрел күні» ұлы күн болады! Содан соң исраилдіктер қайта оралып, өз Құдайлары Жаратқан Иеге және өз патшалары — Дәуіттің ұрпағына бет бұрып мойынсұнатын болады. Олар сол кейінгі заманда Жаратқан Иені дірілдеп терең қастерлеп алдына келіп, Оның өздеріне сыйлайтын игіліктерін қабылдайтын болады. Азапталған күйлерінде олар Маған бет бұрып, өзара былай десетін болады: «Келіңдер, Жаратқан Иеге қайтадан мойынсұнайық! Ол бізді жарып, жарақаттап еді, енді жарамызды жазады. Ол бізді соққан еді, енді сол жерімізді таңады. «Мен Дәуіттің әулеті мен Иерусалимнің халқына мейірім мен мінажат ету рухын дарытамын. Сонда олар өздері түйреген Кісіге қарайтын, әрі жалғыз ұлын жоқтағандай, жоқтау айтатын болады. Олар тұңғышы қайтыс болғандай, Ол туралы қатты күйініп, қайғыратын болады.
Выбор основного перевода