Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Алайда Тәңір Ие Сион тауы мен бүкіл Иерусалимге қарсы істеп жатқандарының бәрін бітірген кезде былай дейтін болады:— Мен Ассур патшасын өркөкіректеніп, паңдана қарап жүргені үшін жауапқа тартатын боламын! Ол патша былай деп мақтанады: «Мен сол істерді өз қолымның күшімен әрі өз көрегендігіммен жүзеге асырдым, себебі ақылды да парасаттымын! Мен халықтардың шекараларын алып тастап, қазыналарын талан-таражға салдым. Өз құдіретіммен тақ иелерін құлаттым. Құстың ұясынан жұмыртқаларын жинағандай мен халықтардың жерлерін әрі байлықтарын оп-оңай қолыма түсірдім. Мені қорқыту үшін бірде-бір қанат қағылып, бірде-бір тұмсық айбаттанып, шиқ деп үн де қатпады». Бірақ балта өзімен ағаш шапқан иесінен гөрі кереметпін деп мақтана ала ма? Немесе ара өзімен жұмыс істейтін ұстаның алдында көкіректене ала ма? Таяқ, сойыл адамды көтермейді, қайта, адам таяқ не сойылды көтеріп, сілтейді! Бұл халықты Жаратқан Ие жемістері жақсы піскен, жапырағы жайқалған зәйтүн ағашы дейтін еді. Бірақ енді Ол гуілдеген бір сұрапыл дауылды жіберіп, өртті қоздырып тұтатады! Сонда ағаштың бұтақтары өртеніп, сынып қалады. Мен сендерге лайықты жазаларыңды тартқызамын! — деп ескертеді Жаратқан Ие. — Орманыңа Өзім от қойып, ол сендердің айналаларыңдағының бәрін жалмап қояды!» Мен Дамаскінің қабырғаларына от қойғызамын, сонда Бен-Хададтың сарайларын өрт жалмайтын болады».
Выбор основного перевода