Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Міне, салт аттылар қос-қостан келе жатыр! Келіп жеткен шабарман мына жаңалықты хабарлады: «Бабыл құлады! Оның халқы табынған жалған тәңірлердің барлық мүсіндері де жерге құлатылып, күл-талқан болды!» Бел тізе бүгіп, Небо да иіледі. Осы жалған тәңірлердің мүсіндері малдарға тиеліп, әкетіледі. Бұларды салтанатпен көтеріп жүретінсіңдер. Салмағы зілдей олар — шаршаған көліктерге ауыртпалық. «Елде жалау көтеріп белгі беріңдер! Халықтардың арасында керней тартып, оларды Бабылға қарсы соғысуға шақырып дайындаңдар! Арарат, Минни, Ашкеназ патшалықтарының жасақтарын да оған қарсы жинаңдар! Шабуылды бастайтын қолбасшы тағайындап, атты әскерді шегірткедей қаптатыңдар! Бір шабарманнан кейін бір шабарман, бір хабаршыдан кейін бір хабаршы Бабыл патшасына асығып келіп, жаудың қаланы жан-жақтан басып алып жатқаны туралы мәлімдейтін болады: Жаратқан Ие тағы мынаны айтады: — Мен Бабыл халқы табынатын тәңірсымақ Белді де жазалап, оны жалмап-жұтып қойғандарының бәрін құсып тастауға мәжбүрлеймін. Оған бұдан былай халықтар ағылып келмейтін болады. Бабылдың қабырғалары құлап, қала жермен-жексен болмақ. Себебі Мен Бабылдың барлық тәңірсымақтарының мүсіндерін жазалайтын уақыт келе жатыр. Сонда Бабыл масқараланып, қаза тапқан адамдары ел ішінде шашылып жататын болады.
Выбор основного перевода