Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5
Параллельные места
Қалаларыңды қиратып, киелі орындарыңды бос қалдырамын, тартуларыңның хош иісін де иіскемеймін. Зұлымдардың салған үйлері өрмекшінің өрмегіндей әлсіз болады. Олар егістік күзетшісінің бұтақшалардан жасаған күркесіне ұқсайды. Бізбен кездескен орныңда жауың шулады,Таңбасын тігіп киелі жерде паңданды. Орманда ағаш кескендер сияқтыКіреберіс қақпаларды шапқылады, Айбалта, шоттарымен қиратып тастадыӨрнектеліп ойылған тақтайшаларды. Жау киелі үйіңді өртеп, талқандады,Сенің атыңдағы мекенді арамдады, «Соларды біржола құртамыз!» деп шешті,Елдегі Саған сиынатын жерлерді,Уа, Құдай, олар түгел өртеп жіберді. Енді неге қоршаған дуалын қираттың?Қасынан өткеннің бәрі жұлды жемісін, Пайдасыз сый-тартуларыңды Маған бұдан былай ұсынбаңдар! Хош иісті зат түтетулеріңді де ұнатпаймын. Демалыс күндерін және Айдың бірінші күнгі мерекесін атап, діни жиындарда бас қосасыңдар. Ал сонымен қатар зұлымдықты жасай бересіңдер! Бұларыңа енді төзе алмаймын. Сендерге білдірем жүзімдігімеМенің не істейтінімді келешекте:Қоршаған шарбағын шауып тастаймын,Тас дуалын қиратып, талқандаймын,Мал мен аңдарға таптатып қоямын,Жүзімдікті жермен-жексен қыламын, Сондықтан Менің есіміммен аталған және өздерің сенімдеріңді артқан мына киелі үйді Шилодағы ежелгі табыну орны іспетті талқандатамын. Мен өздеріңе және ата-бабаларыңа табыстаған осы елге де солай істеймін. Алайда халдейлер әскері Седекиях патшаның соңынан аттанып, оны Иерихонның маңайындағы елсіз далада қуып жетті. Седекияхтың бүкіл жасағы оның қасынан бытырап кеткен болатын. Седекиях халдейлердің қолына түсіп, Хамат еліндегі Рибла қаласына Бабыл патшасының алдына апарылды. Ол Седекияхқа үкім шығарды. Бабыл патшасы сол Риблада Седекияхтың ұлдарын оның көз алдында түйреп өлтірді. Ол, сондай-ақ, Яһуданың барлық әміршілерін де түйреп өлтірді. Мұнан кейін Бабыл патшасы Седекияхтың екі көзін ойып алып, қол-аяғына қола шынжыр салып, оны Бабылға айдап әкетті. Өлген күніне дейін Седекияхты сондағы зынданға тастады. Әмірші Жаратқан Иенің киелі үйіне, патшаның сарайына және Иерусалимдегі барлық үйлерге от қойып, үлкен ғимараттардың бәрін де өртеп жіберді. Ұландардың әміршісі бас діни қызметкер Сераяхты, одан кейінгі лауазымды діни қызметкер Софонияны және ғибадатхананың үш қақпа күзетшісін де тұтқындады. Қалада әлі де қалып қойғандардан ол жасақшылардың басшысын, патшаның кеңесшілерінің жетеуін, елдегі ер адамдарды әскери қызметке тіркеген қолбасшының хатшысын және елдің тағы алпыс тұрғынын қолға түсірді. Бұлар да қаладан табылған болатын. Ұландар әміршісі Набузар-Адан олардың бәрін Хамат еліндегі Рибла қаласына, Бабыл патшасының алдына алып барды. Сол жерде Бабыл патшасы оларды өлімге бұйырды.Осылайша Яһуда халқы өз елінен басқа жаққа жер аударылып кетті. Сионға апаратын жолдар қайғыруда,Өйткені келер ешкім жоқ мейрамдарына,Қаңырап бос тұр оның қақпалары да,Діни қызметкерлер күңірене жоқтауда,Қызметші қыздары қайғырып жылауда,Оның өзі де қатты қиналуда! Жаратқан оларды Өзі шашып тастайды,Бұдан былай Ол соларға ден қоймайды.Жұрт діни қызметкерлерге ізет білдірмейді,Қарияларға да мейірім көрсетпейді. Сеніп едік Жаратқан тағайындаған патшамызға,Бірақ ол да түсті жаудың тұзақтарына.Былай деп едік: «Патшаның қол астындаТірі қалармыз өзге ұлттар арасында». Дұшпандар асып қойды әміршілерді,Қарияларға олар еш құрмет білдірмеді. Оның Бағалдың мүсіндеріне арнап хош иісті зат түтеткен, сырғалары мен алқаларын тағып жасанып, ашыналарына ерген, ал Өзімді ұмытқан күндеріне бола енді осы халыққа назар аударып, оны жазалаймын». — Жаратқан Ие осыны нық айтады. «Тағайындалған мейрамдарға өздері қатыса алмағандары үшін қайғыланған адамдарды енді жинаймын. Сенікі болған олар бір кезде жаудың олжасына айналып, сен масқараға ұшыраған едің.
Выбор основного перевода