Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5
Параллельные места
Садақшылары мені қоршап алды. Жебелерімен еш аямай бүйрегімді жарып, бауырымнан шыққан өтті жерге төгуде. Осы қайғымнан көзім солып қалды,Көп жауыма бола көруден қалды. Күшім судай төгіліп, таусылды құрғап,Сүйектерім буынынан қалды босап.Кеудемде жүрегім балауыз құсапӘбден балқып, елжіреп кетті босап. Тұрғындарың естерінен танып, көшелердің бұрыштарында жатып, торға түскен бөкендерге ұқсайды. Олар Құдайдың қаһарына ұшырап, Жаратқан Иенің үкімін толықтай бастарынан өткізді. Ал енді Исраилдің Құдайы, Әлемнің Әміршісі Жаратқан Ие, мынаны айтады: Неге өздеріңе-өздерің соншама зор апатты төндіресіңдер? Сендер өз істеріңмен Яһудадан келген әйелдер мен ер адамдарды, балалар мен нәрестелерді бірде-біреуін тірі қалдырмай қырғынға ұшыратасыңдар! Сондықтан жылап, көз жасымды төгудемін,Жұбатып, маған күш беретін жоқ ешкім.Жау жеңіп, күйреді халқым менің».(Пайғамбар:) Менің қанша азап шегіп келгенімеАударшы назарыңды, уа, Жаратқан Ие!Мен саған бағынбай, қарсы шыққандықтан,Жан дүнием менің алай-дүлей болған,Жүрегім де әбден тынышсызданған.Жол бойы семсер халқымды жалмауда,Үйлердің ішіне де ажал таяуда! Ойран түсті қымбат халқымның басына,Содан көз жасым көл болып ағылуда. Сәбилер шөлдеп, тілі таңдайына жабысқан,Жалынып жатқан оларға беруге жоқ еш нан.
Выбор основного перевода