Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5
Параллельные места
Әсем де биік Сион тауы —Күллі әлемнің қуанышы,Таудың солтүстік жағындағыҰлы Патшаның астанасы. Мүлтіксіз көрікті Сион тауынанҚұдайдың салтанаты көрініс тапқан. Мен, Жаратқан Ие, оған қарсы мына сөзді айттым:Маған бағышталған Сион қаласы сені менсінбей, келекелеп отыр! Иерусалим қаласы қашып кетіп бара жатқан сені мазақтап басын шайқайды! Сондықтан оның жері қиратылып, басқа халықтар оны ысқырып, келекелейді. Сол жермен өткен-кеткендердің бәрі аңтарыла жандары түршігіп, бастарын шайқайтын болады. Мен бұл қаланы қиратып, келекеге қалдырамын. Өткен-кеткен адамдардың бәрі қаланы көргеннен аңтарыла жандары түршігіп, оның соққы жеп қатты жарақаттанғанына қарап мұрындарын шүйіріп ысқыратын болады. Мен сені қиратып, айналаңдағы халықтардың және сен арқылы өтетін әркімнің көз алдында масқара қылып, қаңыраған бос жерге айналдырамын. Менің саған берген салтанатым көркіңді кемеліне келтіріп, сол туралы даңқың халықтардың арасына кең жайылды», — дейді Жаратушы Тәңір Ие. Біліп қойыңдар, бұрын масайрап, бейқам жатқан қаланың сиқы осындай болады. Сол кезде ол мақтанып: «Мен өзім бар болушымын, маған тең келер еш нәрсе жоқ!» — дейтін. Ал енді ол қирап үйінді болып, жабайы аңдардың мекеніне айналды! Оның жанынан өткен-кеткеннің барлығы ысқырып, қолдарын сілтеп, оны мазақтайды. Қасынан өтіп бара жатқандар Исаға тіл тигізді. Олар бастарын шайқап: «Әй, киелі үйді бұзып, үш күнде қайта тұрғызушы!
Выбор основного перевода