Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5
Параллельные места
Құдайдың қаһары маған тап беріп, паршалап тастайды. Ол мені дұшпандай қауып алып, маған көздерімен атып жатқан жауым іспетті қадала қарайды. Жұрт маған тістерін ақситып, келеке қылады. Шекемнен ұрып, басынады да. Олар маған қарсы тобыр құрып жиналады. Ақырған арыстандай жемге құмартып,Аранын ашады, маған қарсы шығып. Арандарын кең ашып маған мін тағады:«Рас, біз сенің жамандық жасағаныңдыӨз көзімізбен көрдік» деп айыптайды. Арсыз жан әділге жамандық ниеттенер,Менсінбей оны, тіс қайрап жек көрер. Уа, Құдай, бола гөр маған мейірімді,Адамдар ұмтылады таптауға мені,Күні бойы қыспақтап, тап береді. Жауларым күнде қудалап өкшелейді,Менмендер маған қарсы бас көтереді. Жау айналды қаланың қожайынына,Бірақ жағдай жақсы қарсыластарында.Қаланың күнәлары тым көп болғаннанҚайғыға ұшыратты оны Жаратқан,Халқын жау айдап әкетті қаладан. Күллі қарсыластарымыз да біздіАуыздарын кең ашып келемеждейді. Бауырыңның басына күн туғанда сен қарап тұра бермеуің керек еді! Яһуда елі қырғынға ұшырағанда оны табалап мәз болмауың керек еді! Олар қатты қиналған күндері сенің мақтанбауың керек еді! Халқым сондай апатқа ұшырағанда, соның қақпасына басып кірмеуің керек еді! Халқым азап шеккен күні бақытсыздығына қарап мәз болмауың керек еді! Сол қиын-қыстау күні халқымның дүние-мүлкін талан-таражға салмауың керек еді! Жол айырықтарында тұрып, босқындарын өлтірмеуің, тірі қалғандарын жау қолына ұстап бермеуің керек еді! Жаратқан Иенің барлық халықтарды соттайтын күні таяп қалды! (Уа, Едом,) сен не істеген болсаң, саған да сол нәрсе істелінеді. Осылайша істегендерің өз басыңа түспек.
Выбор основного перевода