Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5
Параллельные места
— Өзіңді тежемей қатты айқайла! Даусыңды кернейдей көтер! Таңдап алған халқыма опасыз істерін ашық айт! Иә, Жақыптың үрім-бұтағына жасаған күнәларын әшкереле! Тіпті діни қызметкерлер «Жаратқан Ие қайда?» деп сұрамады, заңды үйретіп билік айтатындар Мені жақыннан танып білмеді. Халықтың жетекшілері Маған қарсы шықты, пайғамбарлар Бағалдың атынан пайғамбарлық сөз айтып, еш пайдасыз тәңірсымақтардың жолын қуып келеді. Пайғамбарлар жалған сөйлеп, діни қызметкерлер өз беттерімен өктемдік жүргізеді. Бұл Менің халқыма тіптен ұнайды! Бірақ ақыр соңы жеткенде сендер не істемексіңдер?!» Жаратқан Ие маған тағы мынаны да айтты:— Егер осы халықтың не жай адамдары не бір пайғамбары, не бір діни қызметкері сенен: «Жаратқан Иенің саған жүктеген ауыр хабары қандай?» деп сұраса, оларға былай де: «Өздерің ауыр жүксіңдер! Ал Жаратқан Ие сендерді тастап кетемін дейді!» Пайғамбар болсын, діни қызметкер болсын, халықтың басқа адамы болсын, «Жаратқан Иенің жүктеген ауыр хабары» жайлы айтатын болса, Мен сол адамды да, бүкіл отбасын да жазалаймын! Ал «Жаратқан Иенің жүктеген ауыр хабары» деген сөздерді ауыздарыңа алушы болмаңдар! Өйткені әркімнің өз сөзі оның «ауыр хабары» болады. Осылайша сендер мәңгі тірі Құдайдың сөздерін бұрмалап тастайсыңдар! Ол — Әлемнің Иесі, біздің Құдайымыз. Әлемнің Иесі, Исраилдің Құдайы, тағы мынаны да айтады: Өз араларыңдағы пайғамбарларың мен сәуегейлеріңнің алдағандарына алданып қалмаңдар! Олардың көріп жүрген түстеріне сенбеңдер! Олар сендерге Менің атымнан өтірік хабар айтып жүр. Мен оларды хабар айтуға жіберген емеспін, — деп ескертеді Жаратқан Ие. Әміршілерің олжасын паршалап жұлып, ақырған арыстандай, астыртын әрекет жасауда. Олар адам өмірін жалмап, мал-мүлкін тартып алып, осы елде көптеген әйелді жесір қалдырды. Ал пайғамбарларың болса, Мен оларға сөйлемесем де, «Жаратушы Тәңір Ие мынаны айтады» дейді. Олар жалған көріністер көріп, өтірік сәуегейлік айтып, сол басшылардың жасаған қылмыстарын әкпен сылағандай ақтайды.
Выбор основного перевода