Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5
Параллельные места
Көз жасымды көл қыламын күндіз-түні,Себебі адамдар менен күні бойы:«Құдайың қайда?» деп сұрай береді. Шіркін, басым су шығатын қайнар, көздерім жас ағатын бұлақ болса ғой! Сонда күні-түні халқымның қырылып қаза тапқандарын жоқтап жылар едім! Енді оларға мына хабарды жеткіз: «Күні-түні көз жасым ағылып тоқтамасын! Себебі ежелде пәк қызымдай болған Менің халқым қатты соққы жеп, ауыр жарақаттанды. Түнде ол еңіреп жылап жатады,Көз жасы бетінен төмен ағады.Ашына болғандардың ешқайсысыЖұбату үшін қасында қалмапты,Опасыз болып достарының барлығы даАйналып кетті оның жауларына. Сондықтан жылап, көз жасымды төгудемін,Жұбатып, маған күш беретін жоқ ешкім.Жау жеңіп, күйреді халқым менің».(Пайғамбар:) Халқым құрып, бала мен бөбектің көшелердеАштан өліп жатқандарын көргенімде,Төгілген жасымнан талды көздерім де,Жаным қиналды, ақтарылғандай боп жерге. Халық Маған шын жүректен жалбарынбайды. Оның орнына олар төсектерінде жатып еңіреп жылайды. Расында олар Менен алшақтап кетіп, жиындарында бидай мен жүзім мол болсын деп жалған тәңірден сиынып сұрайды.
Выбор основного перевода