Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5
Параллельные места
Өйткені қаһарым оттай тұтанады,О дүниенің түбіне дейін жайылады,Жерді бар өнімімен бірге жалмайды,Таулардың негіздерін өртеп талқандайды. Егер адам бас тартпаса күнәсінен,Онда Құдай қайрайды өткір семсерін,Керіп, кезеніп дайындайды садағын, Отқа қыздырады үшкір жебелерін,Сөйтіп даярлайды өлтіргіш қаруларын. Сондықтан Тәңір Ие оларға қайнаған қаһарын төгіп, сұрапыл соғыс жіберді. Бірақ олар Құдайдың лаулаған қаһарына ұшыраса да, соның себебін ұқпады! Тіпті жалыны жалмағанмен, олар мұны көңілдеріне түймеді! Сол себепті Жаратушы Тәңір Ие мынаны да айтады: «Енді, міне, Менің қаһарым мен ашуым осы жерге, оның адамы мен малына, даланың ағашы мен егістіктің өніміне төгіліп, бәрі өртеніп, түгі қалмайынша сөнбейтін болады. — Көңілдес одақтастарыңның бәрі сені ұмытып, естеріне еш алмайды. Кінәң тым ауыр, күнәларың тым көп болғандықтан, Мен сені жау соққы бергендей соғып, қатыгез адамның жазалағанындай жазаладым. Жаратқан мергендей садағын тарта берді,Жебелері үшін нысана етті мені, Осылайша Ол бүйректеріме меніңАтқылады қорамсағының жебелерін. (Содан соң Жаратқан Ие маған былай деді): «Ей, пендем, Мен олардың көздерінің қуанышы мен салтанаты, жүректерінің аңсары, ең қымбат қазынасы — өздерінің берік қамалын да, әрі өз ұл-қыздарын да олардан алып қойған күні мынадай болады:
Выбор основного перевода