Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5
Параллельные места
Осылайша халық Миспа қаласына жиналды. Олар (күнәларына өкінгендерінің белгісі ретінде) құдықтан су тартып алып, оны Жаратқан Иенің алдында жерге төкті. Сол күні халық ораза ұстап: «Біз Жаратқан Иеге қарсы күнә жасап келдік», — деп мойындады.Мұнан кейін Самуил Исраил халқына Миспада Құдайдың еркін білдіріп, билік айтты. Ал енді өмірім өшейін деп жатыр, басыма қиын-қыстау күндер түсті. Көз жасымды көл қыламын күндіз-түні,Себебі адамдар менен күні бойы:«Құдайың қайда?» деп сұрай береді. Халайық, лайым Оған сенім артыңдар,Ойларыңды Оған толық ашыңдар,Құдай — біздің панамыз, мұны ұмытпаңдар! Таң атпас бұрын Сені көмекке шақырамын,Сенің берген сөзіңе сенімімді артамын. Сөзіңе терең үңілу мақсатындаҰйқыдан бас тартамын таң алдында. Жан дүнием аңсайды Сені түнде,Рухым да сағынады таң сәріде.Сен дүниеге сот жүргізген кезіңдеЖердің халқы үйренеді әділдікке. Тұрғындарың естерінен танып, көшелердің бұрыштарында жатып, торға түскен бөкендерге ұқсайды. Олар Құдайдың қаһарына ұшырап, Жаратқан Иенің үкімін толықтай бастарынан өткізді. Сонымен ер адамдардың әр жерде адал қолдарын жайып, ашу-ыза, күмән және жанжалдан аулақ болып, Құдайға сиынуларын қалаймын.
Выбор основного перевода