Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5
Параллельные места
Бірақ егер Мені тыңдамай, осы өсиеттердің барлығын орындамасаңдар және Менің Келісімімді бұзып, ережелерімді менсінбей, шешімдерімнен жиреніп, бүкіл өсиеттерімді орындаудан қалсаңдар, Алайда егер сендер Құдайларың Жаратқан Иенің айтқандарына құлақ аспай, мен бүгін өздеріңе тапсырып отырған Оның өсиеттері мен ережелерін сақтап орындамасаңдар, онда төмендегі барлық қарғыстарға ұшырайсыңдар: Әділдігіңе сай мені ақтай гөр,Уа, Құдай Ием, табаламасын олар! Менің мүшкіл халіме қуанғандарБәрі ұятқа қалып, масқаралансын,Өздерін менен тым жоғары қойғандарҚара бет болып, ұятқа орансын. Сонда мен былай деп ойлаған едім:Дұшпандарым мені табаламасын,Сүрініп құласам, олар паңданбасын. Оның жауларын күшейтіп, үстем еттің,Барлық дұшпандарын шаттыққа кенелттің. Сондықтан Яһуданың адамдарына және Иерусалимнің тұрғындарына былай де: Жаратқан Ие мынаны айтады: Біліп алыңдар: Мен сендерге бір жаман апатты ойластырып дайындап жатырмын. Сондықтан әрқайсың зұлым жолдарыңнан қайтып, іс-әрекеттерің мен жүрген жолдарыңды түбегейлі өзгертіңдер!» Жау айналды қаланың қожайынына,Бірақ жағдай жақсы қарсыластарында.Қаланың күнәлары тым көп болғаннанҚайғыға ұшыратты оны Жаратқан,Халқын жау айдап әкетті қаладан. (Пайғамбар:)Жаратқан Ие Сион халқын қалайшаӨз қаһарының бұлтымен тұмшалауда!Исраилдің даңқты ұлылығын ӨзіАспаннан жерге лақтырғандай етті!Қаһарын ашық білдірген сол күніИеміз ешқандай мүсіркемедіАяғының тұғыры — киелі үйді. Жаратқан Ие Жақыптың жеріндегіБар үйлерді аяусыз құртып жіберді.Ол ашуланып, Яһуда еліндегіҚамалдарын бұзып тастап бүлдірді,Патшалықты әрі әміршілердіАрамдап аяқасты етіп жіберді.
Выбор основного перевода