Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5
Параллельные места
Көп естимін өзім жайлы өсек-аяң,Қауіп төніп тұр басыма жан-жақтан,Жауларым маған қарсы сөз байласуда,Жанымды алуға жоспар құруда. Садақ пен найза ұстанған олар қатыгез, аяуды білмейді. Атқа мініп шапқанда дауылды теңіздей гүрілдейді. О, сорлы Сион, олар шеп құрып, сені басып алуға келеді! — Мысырды мекен ету үшін бет алғандар ол жерде семсер, ашаршылық не індеттен құритын болады. Мен бастарына түсіретін пәледен олардың ешқайсысы аман да қалмайды, қашып құтыла да алмайды. Жасақшыларымды Ием менсінбеді,Жас ерлерімді құртуға қол жинап әкелді.Жүзімнің сыққышта тапталатыны секілдіСүйікті Яһуда халқын таптай берді. Тәңір Ие өз құрбандық үстеліненБезіп кетті әрі киелі үйінен.Ол Сион шаһарындағы сарайлардыДұшпандарының қолына тапсырды.Солар Жаратқанның ғибадатханасындаМейрам болып жатқандай айқай салуда. Ал егер асырайтын бала-шағасы бола қалса, Мен сендерді соларыңнан да айырамын, бірде-біреуін тірі қалдырмаймын. Мен Ефремнен түбегейлі бас тартқан кезімде халық нағыз қасіретке қалады! Ефрем халқы Тир елі іспетті құнарлы көгалда өсіп тұр екен, соны көрдім. Бірақ болашақта ол өз балаларын оларды өлтіретін жаудың алдына шығаруға мәжбүр болады».
Выбор основного перевода