Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5
Параллельные места
Әмірші Жаратқан Иенің киелі үйіне, патшаның сарайына және Иерусалимдегі барлық үйлерге от қойып, үлкен ғимараттардың бәрін де өртеп жіберді. Ал өз халқы Құдайға қарсы көтерілді,Киелі Рухын қатты ренжіте берді.Сондықтан Тәңір оның жауына айналды,Халқына қарсы Өзі күреске шықты. Уа, халқым, қайғырып азалы киім киіп, күлге аунаңдар! Жалғызы өлген адамдай жоқтап, еңіреп жылаңдар! Өйткені құртушы жау бізге аяқ астынан бас салады. Әлемнің Иесі мынаны айтады:— Қазіргі жағдайды ойланып көріңдер! Жоқтаушы әйелдерді шақырып, олардың ең шеберлерін алдыртыңдар! (Яһуда халқы былай дейтін болады:) Олар тезірек келіп, бізді жоқтап жылап, көзімізден жас шығартып, судай ағызсын! Себебі Сионнан жоқтаудың даусы естіледі: «Барымыздан тоналып құрыдық біз! Масқара болдық! Үйлеріміз қирап, елден кетуге мәжбүрміз». Әй, әйелдер, Жаратқан Иенің сөзін тыңдаңдар! Құлақтарыңды Оның айтатын сөздеріне түріңдер. Қыздарыңа жылап-сықтауды, ал бір-біріңе жоқтау жырларын айтуды үйретіңдер! Көңілдес одақтастарыңның бәрі сені ұмытып, естеріне еш алмайды. Кінәң тым ауыр, күнәларың тым көп болғандықтан, Мен сені жау соққы бергендей соғып, қатыгез адамның жазалағанындай жазаладым. Жаратқан Ие Жақыптың жеріндегіБар үйлерді аяусыз құртып жіберді.Ол ашуланып, Яһуда еліндегіҚамалдарын бұзып тастап бүлдірді,Патшалықты әрі әміршілердіАрамдап аяқасты етіп жіберді. Жаратқан мергендей тартты садағын,Оң қолымен қыруға тұрды дайын.Ол қас жауы сияқты халқымыздыңҚұртып жіберді қымбат жастарын.Жаратқан Қыз Сионның шатырыныңҮстіне оттай төге берді қаһарын.
Выбор основного перевода