Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5
Параллельные места
Жауларың қалаларыңды қоршап, қыспаққа алғанда сендер шексіз азап шеккендіктен, тіпті өздеріңнің туған балаларыңды, иә, Құдайларың Жаратқан Ие сендерге сыйлаған ұл-қыздарыңның етін жейтін боласыңдар! Сондықтан Мен, Жаратқан Ие, Өзімнің атымнан хабарларын жеткізіп жүрген пайғамбарлар туралы мынаны айтамын: Мен оларды жіберген емеспін. Бірақ олар: «Бұл елге не семсер, не ашаршылық жуымайды!» деп жариялап жүр. Расында дәл осы пайғамбарлардың өздері семсерден қаза тауып, аштан өледі! Мен олардың жандарын алмақшы жаудың елге басып кіріп, қаланы қоршап алуына жол беремін. Сонда Мен аштықтан қатты қиналып не істерін білмей қысылып отырған оларға өз ұл-қыздары мен достарының етін жегіземін! Бірақ халықтың зұлым пайғамбарларыМен діни қызметкерлерінің күнәларыҮшін солай болды: жазықсыз адамдардыҚала ішінде солар өлтіріп тастады! Жаратқан оларды Өзі шашып тастайды,Бұдан былай Ол соларға ден қоймайды.Жұрт діни қызметкерлерге ізет білдірмейді,Қарияларға да мейірім көрсетпейді.
Выбор основного перевода