Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5
Параллельные места
Дәуіт патша орнынан тұрып, былай деді:— Сөзімді тыңдаңдар, уа, ағайындарым, халқым менің! Құдайымыз Жаратқан Иенің «табан тіреніші» — Оның арамызда екенін білдіретін Келісім сандығына тұрақты орын болатын киелі үйді салатын ниетім бар еді. Осы құрылысқа дайындық та жүргіздім. Мақтау айтыңдар Иеміз — Құдайға:Ол киелі! «Табан тіренішінің» алдындаБас иіп ғибадат етіңдер Құдайға! Жүріңдер, тұрағына Оның кірейік,«Табан тіренішінде» мінажат етейік. Жау айналды қаланың қожайынына,Бірақ жағдай жақсы қарсыластарында.Қаланың күнәлары тым көп болғаннанҚайғыға ұшыратты оны Жаратқан,Халқын жау айдап әкетті қаладан. Жұрт естісе де ауыр күңіренгенімді,Жұбататын ешкім жоқ қасіретімді.Жауларымның барлығы басыма түскенҒаламат азабым туралы естіген,Сенің солай істегеніңе жұрт көңілденген!Сен алдын ала айтқан сот күнің келсін,Олар да мен сияқты бола берсін! Содан жүректеріміз әлсірей қайғыланып,Көздеріміз талып қалды жасы мол ағып.
Выбор основного перевода