Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5
Параллельные места
Содан Құдай Өзінің таңдаған халқына қарсы Бабылдың халдей патшасын аттандырды. Сол патша семсерінің жүзімен елдің таңдаулыларын киелі үйдің өзінде өлтіріп, жас-кәрі демей, еркек болсын, әйел болсын, ешкімді аямай, халықтың көбін қырып тастады. Құдай олардың барлығын Бабыл патшасының қолына бере салған еді. Құдай меншікті халқына қаһарланды,Семсер жүзіне оларды табыстады, Халықтың жас жігіттерін өрт жалмады,Қыздарына той әндері айтылмады, Жаратқан Иенің қаһары менің бойымда да лаулап тұр, оны тежеп тұра алар емеспін, — дедім.— Ендеше қаһарым көшеде ойнап жүрген балаларға, бас қосқан жас жігіттерге лақ етіп төгілсін! Әйелі мен күйеуі де, жасы ұлғайған қариясы да қаһарымды бастарынан өткізеді. Олардың әкесін де, баласын да бір-бірімен соқтығыстырып, ешқандай мейірім танытпаймын. Оларды есіркеп-мүсіркемеймін, көздерін құртуға аямаймын, — деп ескертеді Жаратқан Ие». «Біз опасыз болып бағынбай кеттік Саған,Әрі Сен кешірім берген жоқсың бұған. Мен енді елдің тұрғындарына аяушылық көрсетпеймін! — деп жариялайды Жаратқан Ие. — Оларды бір-бірінің әрі патшаларының қолдарына түсіремін. Солар елді ойрандаса да, Мен ешкімді олардың шеңгелінен құтқарып алмаймын!»
Выбор основного перевода