Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сендер жат жұрттықтарды Менің киелі үйіме кіргіздіңдер. Олардың тәні сүндеттелмеген және жүректері де Маған бағышталған емес. Сөйтіп сендер Маған «тамағымды»: құрбандықтың іш майы мен қанын ұсынып жатқан кездеріңде-ақ Менің киелі үйімді арамдадыңдар. Осындай жексұрын істеріңмен Менің Келісімімді бұздыңдар. Құрбандық ұсынушы әркім келіп, шалған құрбандығының етін пісіре алуы үшін Иерусалим мен Яһудадағы кез келген тамақ пісіретін қазан Әлемнің Иесіне бағышталған киелі болады. Сол күннен бастап Әлемнің Иесінің киелі үйінде (Оған мойынсұнбайтын) бірде-бір қанахандық қалмайды.
Выбор основного перевода