Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Бұл кезде Жаратқан Ие Леуі руын халықтың өзге руларынан бөліп, Өзінің қызметіне тағайындады. Леуіліктердің міндеттері Жаратқан Иенің Келісім сандығын (халық көшкенде) көтеріп жүру, Жаратқан Иенің алдында тұрып қызмет ету және Оның атынан адамдарға бата беру болды. Леуіліктер қазірге дейін осы міндеттерін атқарып келеді. Ал солтүстікке қараған бөлме құрбандық үстеліне байланысты міндеттерді атқаратын діни қызметкерлерге арналған. Осы діни қызметкерлер — Садықтың ұрпақтары. Себебі Жаратқан Иеге қызмет ету үшін Оның алдына жақындап келу тек Садықтан тараған леуіліктерге ғана рұқсат етілген». Леуінің ұрпағы Садықтан тараған, Менің алдыма келіп қызмет ететін діни қызметкерлерге күнәнің құнын өтейтін құрбандық ретінде бір жас бұқа берілсін, — деп тапсырады Жаратушы Тәңір Ие. — Бұл қасиетті жер үлесі Жаратқан Иеге бағышталған діни қызметкерлер — Садықтың ұрпақтарына арналады. Олар Маған қызмет етуде адал болды. Исраил халқы Менен адасып кеткенде олар өзге леуіліктер сияқты халықпен бірге Өзімнен безіп кеткен жоқ.
Выбор основного перевода