Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Жеті күн бойы құрбандық үстелін осылайша күнәнің арамдығынан тазартып, оны Тәңір Иеге арна. Сонда құрбандық үстелі Тәңір Иеге түгелдей бағышталып, ерекше киелі болады. Үстелдің үстіне қойылған не оған жанасқандардың бәрі де Тәңір Иеге бағышталып, Оның меншігіне айналады. Солай етіп осы аталғандарды Маған түгелдей бағышта, олар ерекше киелі болады. Соларға жанасқан әр нәрсе және әрбір адам да Маған бағышталып, меншігіме айналады. Содан соң діни қызметкер үстіндегі сол киімдерін шешіп, басқасын киіп, күлді ел қонысының сыртына бір таза жерге апарсын. Діни қызметкерлер сол киелі орынға кірген соң, сыртқы аулаға тікелей шықпасын. Қайта, олар алдымен Жаратқан Иеге қызмет еткен кезде киген арнайы киімдерін шешулері керек. Өйткені бұл киімдер де тек Жаратқан Иенің алдында қызмет етуге ғана арналған. Халық жүретін жерлерге шығар алдында олар киімдерін ауыстырып, кәдімгі киімдерін киюлері қажет». былай деді: «Осы жерде діни қызметкерлер айыпты өтеу және күнәнің құнын өтеу құрбандықтарының етін пісіріп, астық тартуларының нанын жабады. Бұл тартулар мен құрбандықтарды сыртқы аулаға алып шығуға болмайды. Себебі олай етілсе, онда ауладағы халық та Құдайға ерекше бағышталып киелі болар еді».
Выбор основного перевода