Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Жерлеріңнен алғаш шыққан өнімдердің ең жақсыларын Құдайларың Жаратқан Иенің киелі үйіне алып келіңдер!Лақтың етін енесінің сүтіне пісірмеңдер! Себебі тұңғыш атаулы Менікі. Мен Мысыр халқының барлық тұңғыштарының көздерін құртқан күннен бастап, Исраилдің барлық тұңғыш ұлдарын да, малдың тұңғыш төлдерін де Өзіме бағыштадым. Сондықтан олар Менікі болуға тиіс. Мен Жаратқан Иемін». Қырманның алғашқы өнімінің тартуы ретінде диірменде тартылған алғашқы ұннан пісірілген дөңгелек нанды әрі-бері тербеп Жаратқан Иеге ұсыныңдар. Бұдан басқа диірменде тартылған алғашқы ұннан пісірілген нанды, астығымыздың өнімінің алғашқы бөлігін, әрбір жеміс ағашымыздың алғашқы мәуесін, жүзім шырынымыз бен зәйтүн майымыздың алғашқы бөліктерін Құдайымыздың киелі үйінің қоймаларын басқаратын діни қызметкерлерге алып келетін боламыз. Біз жұмыс істейтін барлық елді мекендеріміздегі жер өнімінің он бөлігінің бірін жинаумен айналысатын леуіліктерге соларды әкеліп беретін боламыз. Киелі үйімде әрдайым тамақ болуы үшін қоймама өнімнің он бөлігінің бірін толықтай алып келіңдер! Менің не істейтінімді осы арқылы сынап көріңдер! — деп ұсынады Әлемнің Иесі. — Сонда Менің аспаннан мол жауын-шашын жаудырып, сендерді жарылқауымның ағыл-тегіл болатыны соншама, оның бәрін жайғастыратын орындарыңның да болмай қалғанын көресіңдер!
Выбор основного перевода