Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сәлде бәтестен, ұзын көйлек бедерлі бәтестен тігіліп, жалпақ белбеу кестеленіп тоқылсын. Қадір-құрмет пен сән-салтанат көрсету үшін Һаронның ұлдарына да ұзын көйлек, белбеу мен бас киімнен дайындат. Һарон мен оның ұлдары киелі орында қызмет ету үшін кездесу шатырына кіріп не құрбандық үстеліне жақындап барған сайын осындай киімдерді киіп жүруге тиіс. Олай етпесе, олар кінәлі болып, өлім құшады.Бұл — Һаронға және оның келер ұрпақтарына арналған тұрақты ереже. Һарон мен ұлдарына арнап бедерлі бәтестен ұзын көйлек тігілді. Бәтестен сәлде мен өзге баскиімдер де дайындалды. Шалбар бедерлі бәтестен тігілді. Менің ережелерімді сақтап орындайтын болыңдар!Екі түрлі жануарды бір-бірімен шағылыстырмаңдар. Егістік жерге бір мезгілде екі түрлі тұқым сеппеңдер. Екі түрлі жіптен тоқылған матадан тігілген киім кимеңдер. Жүн мен зығырдың талшықтарынан тоқып жасалған матадан тігілген киім киме.
Выбор основного перевода