Жаратқан Ие Мұсаға тіл қатып былай деді:— Діни қызметті атқаратын Һаронның ұлдарына мынаны айт: Діни қызметкер халқының арасынан қайтыс болған ешкімнің мәйітіне жанасып, өзін арамдамасын.
Ал егер өзінің қандас туысқаны: әке-шешесі, ұл-қызы, бірге туған аға-інісі
немесе күйеуге шықпай оның қолында жүрген әпке-қарындасының біреуі қайтыс болса, соның мәйітіне жанасып, таза емес күйге түсуіне болады.