Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Оның айналасындағы жарқыраған нұр жаңбырлы күні бұлттарда пайда болатын кемпірқосаққа ұқсас еді. Мен тұрдым да, жазық алқапқа бардым. Сол жерде Жаратқан Иенің нұрлы салтанаты менің Хобар өзенінің жағасында көргенімдей болып тұр екен. Сондықтан мен жерге етпетімнен жата кеттім. Бұдан кейін хабаршы солтүстік жақтан ішкі аулаға апаратын қақпа ғимаратының ұзындығы мен енін өлшеді. Бағаналы кіреберістің сыртында, Солтүстік қақпа ғимаратына көтерілетін баспалдақтардың екі жағында, тағы екі үстелден орналасқан екен. Сонда Рух мені көтеріп алды да, ішкі аулаға апарды. Міне, киелі үй Жаратқан Иенің нұрлы салтанатына кенелді. Содан киелі үй Құдайдың хош иісті түтіндей таралатын салтанатты ұлылығы мен құдіретіне кенелді. Жеті періште тостағандарынан төгетін жеті пәле аяқталғанша, ешкім де киелі үйге кіре алмады.
Выбор основного перевода