Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Әрбір сүндеттелмеген еркек кіндіктіні өз халқынан аластату керек, өйткені ол Менің Келісімімді бұзды. Бұдан кейін Жаратқан Ие Мұса мен Һаронға былай деп нұсқау берді: «Құтқарылу мейрамының ережесі мынау: Арнайы мейрам асынан бірде-бір жат жұрттық ауыз тимейтін болсын. Ал ақшаға сатып алған құлыңды сүндеттеген болсаң, онда оның жеуіне болады. Бірақ араларыңда уақытша қоныстанғандар мен жалдамалы шетелдіктерге одан жеуге болмайды. Құрбандық сол шалынған үйде желініп, еті ешқайда шығарылмасын! Оның ешбір сүйегі де сындырылмасын! Бұл мейрамды бүкіл Исраил қауымы тойлауға тиіс. Ал араларыңда тұрып жатқан жат жұрттық біреу Жаратқан Иеге бағышталған Құтқарылу мейрамын тойлағысы келсе, алдымен сол адамның үйіндегі барлық еркек кіндіктілерін сүндеттеңдер. Сонда ол елдеріңнің жергілікті тұрғыны іспетті мейрам асына қатыса алады. Ал бірде-бір сүндеттелмеген адам одан ауыз тимеуге тиіс. Жергілікті халық үшін де, араларыңда тұрып жатқан жат жұрттықтар үшін де заң біреу болмақ». Мұндай кемістігі бар малдарды Құдайға тамақ іспетті тарту ретінде ұсынуға жат жұрттықтан да қабылдап, алып келмеңдер! Олар кемістігі бар зақымданған мал болғандықтан, құрбандығың ретінде қабыл болмайды. Сол үшін Мен де оларға қарсы шығып, оларды жауларының еліне апарған едім. Ал Маған шын жүректен бағынбаған олар ақыр соңында кішіпейілді болып, Маған мойынсұнады. Сол кезде олар кінәларының жазасын тартып, оны әділ деп қабылдайтын болады. Ендеше жүректеріңді күнәдан арылтып, Жаратқан Иенің бізбен жасаған Келісімін естеріңде ұстап, бұдан былай тоңмойын болмаңдар. Уа, Яһуда мен Иерусалимнің халқы! Өздеріңді толықтай Жаратқан Иеге арнаңдар, Оған жүректеріңді де түгелдей бағыштаңдар! Әйтпесе сендердің жасаған барлық күнәларыңнан Менің қаһарым жалындай лап етіп, оттай лаулайтын болады. Сонда оны ешкім сөндіре алмайды. Мысыр, Яһуда, Едом, Аммон, Моаб елдерін және шөл даланың шалғай шеттерінде тұратындардың бәрін жазалаймын. Өйткені осы халықтар сияқты бүкіл Исраил халқы да сүндеттеу рәсімін ұстанғанымен, Маған шын жүректен бағышталмаған». Олар өз ұлдарын жалған тәңірлеріне арнап құрбан қылған күні-ақ Менің киелі үйіме келіп, оны арамдады. Біліп қой, олар Менің киелі үйімде осылай істеген! Ей, қасарысқандар! Құдайға шын жүректен бағынбай, Оның сөзіне құлақ салмайтын сіздер болып тұрсыздар. Ата-бабаларыңызға ұқсап Киелі Рухқа әлі де қарсы шығып келе жатырсыздар. «Уа, исраилдік ер азаматтар, келіп, көмектесіңдер! Мына кісі барлық жерде біздің халыққа, Таурат заңымызға және осы жерге қайшы ілімін таратып жүр. Оның үстіне өзге ұлт адамдарын ғибадатханаға кіргізіп, киелі жерді арамдады!
Выбор основного перевода