Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Содан кейін тау басында құрбандыққа қой сойып, туыстарын асқа шақырды. Олар тамақ ішіп, сол тауда түнеп шықты. Мен, Жаратқан Ие, олардың Құдайы, ал қызметшім Дәуіт олардың арасындағы әмірші болады. Өзім, Жаратқан Ие, осыны уәде етемін. Олар Мен ежелде қызметшім Жақыпқа уәде еткен, сосын ата-бабаларың тұрған елде қоныс тебетін болады. Бұдан былай олардың өздері де, балалары мен немерелері де сол елде ұдайы тұрып, Менің қызметшім Дәуіт оларға әрдайым әмірші болады. Әмірші сырттан осы қақпа ғимаратының бағаналы кіреберісі арқылы кіріп, оның ішімен өтетін жолда орналасқан бағананың қасында тұрсын. Діни қызметкерлер әміршінің түгелдей өртелетін және Жаратқан Иемен қарым-қатынасына ризашылық білдіретін құрбандықтарын шалып, өртеп Өзіме ұсынсын. Әміршінің өзі қақпа табалдырығының қасында иіліп ғибадат етсін. Содан соң ол сыртқы аулаға шығып кетеді. Қақпа ғимараты кешке дейін жабылмайды. Әмірші қақпа ғимаратына кіргенде, соның бағаналы кіреберісі арқылы өтіп, сол жолмен кері шығып кететін болсын. Исраил халқының ескі дәстүріне назар аударыңдар: құрбандықтан жегендер құрбандық үстелімен байланыста емес пе?
Выбор основного перевода