Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Жаратқан Иенің киелі шатырында қызмет атқару, қауымның алдында тұрып, оларға қызмет етудің өзі — өте сыйлы міндет. Ал Исраилдің Құдайы Исраил халқының арасынан дәл өздеріңді осы міндетті атқаруға таңдап алғандығы сендерге аздық ете ме? Қақпа күзетшілерінің топтары мыналар болды:Қорахтың ұрпақтарынан: Әбиясафтың немересі Қоренің ұлы Мешелемиях. Ал діни қызметкерлер аз болып, олар шалынып, өртелетін құрбандықтардың терілерін сыдырып үлгіре алмады. Сондықтан басқа діни қызметкерлер тазару рәсімінен өтіп болғанға дейін, рулас бауырлары, леуілік қызметшілер, оларға жұмыстарын бітіргенше көмектесе тұрды. Бұлар тазару рәсімінен өтуге діни қызметкерлерден гөрі көбірек көңіл бөлетін еді. Хабаршы маған былай деп түсіндірді: «Бұлар ғибадатханада қызмет ететін леуіліктердің халық ұсынған құрбандықтардың етін пісіретін асүйлері».
Выбор основного перевода