Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Өлген адамның мәйітіне жанасқан әркім жеті күн бойы таза емес арамданған болып саналады. Арамданғаннан кейінгі үшінші және жетінші күндері сондай адам арнайы сумен тазару рәсімінен өтсін. Бұдан кейін ол таза болады. Ал егер үшінші және жетінші күндері тазару рәсімінен өтпесе, онда ол таза болмайды. Өлген адамның мәйітіне жанасып, тазару рәсімінен өтпеген әркім Жаратқан Иенің жер бетіндегі тұрағын арамдайды. Ондай адам Исраилдің қауымынан аластатылсын. Тазарту суы оған бүркіп себілмегендіктен ол арамданған күйінде қала береді. Біреу үй ішінде қайтыс болған жағдайдағы ереже мынау: сол кезде үйде болғандардың және кейін оған кіргендердің барлығы жеті күн бойы таза емес болып саналады. Сол үйдегі қақпағы жабылмай аузы ашық қалған әрбір ыдыс та арам. Сол сияқты, далада семсерден қаза тапқан немесе өз ажалымен өлген адамның мәйітіне, сүйектеріне не қабіріне жанасқан әр кісі де жеті күн бойы таза емес болып саналады. Осындай арамданған адамды тазару рәсімінен өткізу үшін алдымен шалынып, өртелген жирен баспақтың біраз күлін ыдысқа салып, үстіне ағынды судан құйсын. Арамданбаған бір адам сайсағыздың бір бұтақшасын ыдыстағы суға малып алып, сонымен суды сол үйге, ондағы бұйымдар мен адамдардың бәріне бүріксін. Ол, сондай-ақ, өлген адамның сүйегіне, қаза тапқан не өз ажалымен өлген адамның мәйітіне немесе қабіріне жанасқан әркімге арнайы суды бүркіп себуі қажет. Содан соң үшінші және жетінші күндері таза адам арамданған адамға сол судан бүріксін. Осылайша оны жетінші күні арамдығынан тазартады. Сол күні адам киімін жуып, өзі сумен жуынсын, сонда ол кеште арамданбаған болып саналады.
Выбор основного перевода