Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Осы хабаршы маған тіл қатып: «Ей, пенде, ұқыпты қара да тыңда. Өзіңе көрсететіндерімнің бәріне мұқият назар сал! Сен сол үшін де осында әкеліндің. Көргеніңнің бәрін Исраил халқына жеткіз!» — деді. Пендем, сонымен киелі үйді Исраил халқына суреттеп бер! Содан олар өздерінің күнәларынан ұялып, жобаға көңіл аударсын. Егер халық барлық істегендеріне ұялып өкінсе, оларға ғибадатхананың бүкіл жобасын: оның құрылысын, шығатын есіктері мен кіреберістерін әрі оның ережелері мен заңдарын айтып бер. Олар ғибадатхананың жобасы мен оны салудың ережелерін түгел сақтай алулары үшін соның бәрін егжей-тегжейлі сипаттап жазып қой.
Выбор основного перевода