Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Содан соң Дәуіт өз ұлы Сүлейменге ғибадатхананың кіреберісі мен қосымша ғимараттарының, оның қоймалары мен жоғарғы қабатының, ішкі бөлмелерінің және Құдайдың Келісім сандығы орналасатын ең қасиетті бөлмесінің жобасын табыстады. Оларды Жаратқан Иенің ғибадатханасына шақырдым. Сол жерде оларды Құдайдың адамы Иғдалиях ұлы Хананның үрім-бұтағының бөлмесіне ертіп апардым. Бұл бөлме ғибадатхана басқарушыларының бөлмесіне көршілес әрі ғибадатхана қақпашысы Шаллум ұлы Мағасияхтың бөлмесінің үстінде орналасқан еді. Шығыс қақпа ғимаратының екі жағында күзетшілерге арналған үш-үштен бөлмелер бар екен. Әрқайсысының үлкендігі бірдей еді. Бөлмелердің арасындағы шығыңқы қабырғалардың қалыңдығы да бірдей болды. Хабаршы қақпаға кіретін жердің енін өлшеді, сол он шынтақ, ұзындығы он үш шынтақ болып шықты. Қақпаның екі жағындағы күзетшілер бөлмелерінің әрқайсысының алдында (биіктігі) бір шынтақ болатын кедергі қабырға бар еді. Бөлмелердің ені мен ұзындығы алты шынтақтан болды. Содан соң хабаршы бір күзетші бөлмесінің артқы қабырғасының жоғарғы жағынан қарсы жатқан бөлменің артқы қабырғасының жоғарғы жағына дейінгі арақашықтықты өлшеді. Ол жиырма бес шынтақ болып шықты. Қақпа ғимаратының ішіндегі шығыңқы қабырғалардың ұзындығын қоса өлшегенде, ол алпыс шынтақты құрады. Өлшем аулаға шығып тұрған бағаналы кіреберіске дейін жасалды. Ғимараттың сыртқы және ішкі кіреберістерінің аралығы өлшегенде елу шынтақ болды. Ғимараттың күзетші бөлмелері мен шығыңқы қабырғаларды айналдыра қақпақты терезелер жасалған еді. Терезелер ішке қарай кеңейе түседі екен. Шығыңқы қабырғалар құрма ағашының бейнелерімен бедерленіпті. Ғимараттың екі жағындағы үш-үштен орналасқан күзетші бөлмелерінің, олардың арасындағы шығыңқы қабырғаларының және бағаналы кіреберісінің өлшемдері дәл Шығыс қақпа ғимаратының өлшемдерімен бірдей екен. Яғни осы ғимараттың ішімен өтетін жолдың да ұзындығы елу, ені жиырма бес шынтақ болып шықты. Оның күзетші бөлмелері, шығыңқы қабырғалары және бағаналы кіреберісінің өлшемдері басқа қақпа ғимараттарының осындай бөліктерінің өлшемдерімен бірдей болып шықты. Қақпа ғимараты мен оның бағаналы кіреберісінің айналасында терезелер бар екен. Қақпа ғимаратының ішімен өтетін жолдың ұзындығы елу шынтақ, ені жиырма бес шынтақ болды. Оның күзетші бөлмелері, шығыңқы қабырғалары және бағаналы кіреберісінің өлшемдері өзге де қақпа ғимараттарының өлшемдеріндей болды. Қақпа ғимараты мен оның бағаналы кіреберісінің айналасында терезелер бар екен. Ғимараттың ішімен өтетін жолдың ұзындығы елу, ені жиырма бес шынтақ болды. күзетші бөлмелерінің, шығыңқы қабырғаларының және бағаналы кіреберісінің өлшемдері басқа қақпа ғимараттарынікіндей болды. Оның да айналасында терезелер бар екен. Солтүстік қақпа ғимаратының ішімен өтетін жолдың ұзындығы елу, ені жиырма бес шынтақ болып шықты.
Выбор основного перевода