Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Құрбандықтың ішек-қарыны мен сирақтары сумен жуылсын. Діни қызметкер соның барлығын құрбандық үстелінде түтетіп өртеп жіберсін. Осы түгелдей өртелген құрбандық — Жаратқан Иеге өртелу арқылы ұсынылған хош иісті де ұнамды тарту. Патша мұнан басқа тағы он қазан жасатып, оларды бес-бестен киелі үйдің оң және сол жақтарына орнатқызды. Шалынған құрбандықтардың өртелетін бөліктерінің бәрі алдымен солардағы сумен жуылып-шайылатын. Ал діни қызметкерлердің тазару рәсімі үшін дәу қазанның суы қолданылды. діни қызметкерлердің бөлмелерінің арасындағы ашық алаңқайдың ені жиырма шынтақ болды. Бұл алаңқай бүкіл киелі үйді айналдыра жатты. Содан соң хабаршы маған тіл қатып былай деді: «Ішкі аулаға қарап тұрған оңтүстік және солтүстік жақтағы осы бөлмелер діни қызметкерлерге арналған. Сол бөлмелерде Жаратқан Иенің алдына қызмет етуге баратын діни қызметкерлер Оған ерекше бағышталған ең қасиетті құрбандықтар мен сый-тартулардан тамақтанады. Сол бөлмелерде ең қасиетті тартулар — астық тартулары, күнәнің құнын және айыпты өтейтін тартулар сақталады. Себебі бұл бөлмелер — Жаратқан Иеге ерекше бағышталған қасиетті орын.
Выбор основного перевода