Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Егер оның шалынып, түгелдей өртелетін құрбандығы мүйізді ірі қара болса, онда Жаратқан Ие оған риза болу үшін адам еш мінсіз бір бұқаны кездесу шатырының кіреберісіне алып келсін. Адам сол құрбандық малдың басына қолын қойсын. Сонда осы адам күнәларының арамдығынан тазарады. Жаратқан Ие оның құрбандығына риза болып, онысын қабылдайды. Адам жас бұқаны Жаратқан Иенің алдында шалсын. Һаронның ұлдары — діни қызметкерлер құрбандықтың қанын алып келіп, одан кездесу шатырының кіреберісінің алдында тұрған құрбандық үстеліне барлық жақтарынан бүркіп шашсын. — Исраил халқына мынаны айт: Егер бір адам Жаратқан Ие тыйым салған бір нәрсені істеп абайсызда күнә жасап қойған болса, ол былай істеуі керек: Егер Құдай тағайындаған діни қызметкер күнә жасап қойған болса, ол мұнысы арқылы бүкіл халықты да айыпты етеді. Діни қызметкер жасаған күнәсінің құнын өтейтін құрбандық ретінде Жаратқан Иеге арнап мінсіз бір жас бұқаны алып келсін. Оны кездесу шатырының кіреберісіне Жаратқан Иенің алдына әкеліп, басына қолын қойсын. Жас бұқаны Жаратқан Иенің алдында құрбандыққа шалсын. Егер біреу өзінің бір жайтқа байланысты көргені не білетіні туралы куәлік келтіруге антпен шақырған дауысты естіп, содан бас тартса, оның күнә жасағаны, ол айыпты болады. Немесе біреу кез келген арам нәрсемен: арам аңның не арам малдың өлігімен не құжынаған арам мақұлықтардың өлігімен жанасса, тіпті осы жайт оған беймәлім болса да, ол бәрібір арамданып, айыпты болады. Біреу адам денесінен бөлінетін қандай да болмасын оны арамдайтын былғанышқа жанасса, тіпті осы жайт оған беймәлім болса да, сол туралы білгенде ол айыпты болады. Біреу жақсы болсын, жаман болсын кез келген бір іс істеймін деп ойланбастан ағат ант бере салса, ол тіпті өзінің айтқанын толығымен білмесе де, сол туралы оған мәлім болғанда ол айыпты болады. Егер адам осы айтылған жайттардың біреуіне сай айыпты бола қалса, ол өзінің қандай күнә жасағанын ашық мойындасын. Сол айыбының өтемі ретінде Жаратқан Иеге арнап күнәнің құнын өтейтін құрбандыққа қойдың не ешкінің ұрғашысын алып келсін. Осылайша діни қызметкер сол адамды жасаған күнәсінің арамдығынан тазартсын. Адам өзінің айыбын өтейтін құрбандығын діни қызметкерге алып келіп, оны Жаратқан Иеге ұсынсын. Құрбандығы еш мінсіз, құны белгілі мөлшерге сәйкес қошқар болсын. Айыпты өтейтін құрбандықты ұсыну тәртібі мынау: сол құрбандық Жаратқан Иеге бағышталған ерекше киелі.
Выбор основного перевода