Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сендер кездесу шатырының кіреберісінде жеті тәулік бойы күні-түні Жаратқан Иенің қызметіне дайын болып тұрыңдар. Өлмей тірі қалуларың үшін солай істеңдер, себебі Жаратқан Ие маған осылай бұйырды». Леуіліктер діни қызметкер Һарон және бүкіл халық үшін кездесу шатырының алдындағы күзету және қызмет ету жұмыстарын атқаратын болсын. Содан олардың өздері де, кейінгі ұрпақтары да Жаратқан Иенің киелі үйіндегі қақпаларды күзетіп жүрді. Осы киелі үй бұрынғы киелі шатырдың орнын басқан еді. Олар күн сайын таңертең және кешке Жаратқан Иеге шалынып, өртелетін құрбандықтарды да, хош иісті заттарды да түтетіп ұсынуда. Олар арнайы үстелдің үстіне ұдайы нан тартуларын қойып, алтын шам қойғыштың шамдарын кеш сайын жағып, нұрын түсіріп жарқыратады. Себебі біз Құдайымыз Жаратқан Иенің белгілеген қызметтерін орындап жүрміз, бірақ сендер Одан бас тартып, безіп кеттіңдер. Мұнан кейін хабаршы мені қақпа ғимаратынан алып шығып, ғибадатхананың сыртқы ауласына апарды. Бүкіл ауланы айналдыра тас төселген жол жатты. Сол жолдың бойында отыз бөлме салынған екен. Бір ішкі қақпа ғимаратының бағаналы кіреберісінің жанында бір бөлменің есігі болды. Бұл бөлмеде түгелдей өртелетін құрбандыққа шалынған малдардың бөліктері жуылатын. Сонда да Мен киелі үйді күзетіп, ондағы істелуге қажетті күнделікті міндеттер мен жұмыстардың барлығын атқаруды леуіліктерге жүктеймін.
Выбор основного перевода