Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Ғимараттың екі жағындағы күзетшілер бөлмелерінің әрқайсысының ені мен ұзындығы да бір-бір өлшеуіш таяққа тең болды. Ал екі бөлменің арасындағы қашықтық бес шынтақ болды. Қақпа ғимаратының ішімен өтетін жолдың ішкі аула жағындағы табалдырығының ұзындығы да бір өлшеуіш таяқтан тұрды. Осы табалдырық бағаналы кіреберістің маңында орналасқан. Шығыс қақпа ғимаратының екі жағында күзетшілерге арналған үш-үштен бөлмелер бар екен. Әрқайсысының үлкендігі бірдей еді. Бөлмелердің арасындағы шығыңқы қабырғалардың қалыңдығы да бірдей болды. Содан соң хабаршы бір күзетші бөлмесінің артқы қабырғасының жоғарғы жағынан қарсы жатқан бөлменің артқы қабырғасының жоғарғы жағына дейінгі арақашықтықты өлшеді. Ол жиырма бес шынтақ болып шықты. Ғимараттың сыртқы және ішкі кіреберістерінің аралығы өлшегенде елу шынтақ болды. Ғимараттың күзетші бөлмелері мен шығыңқы қабырғаларды айналдыра қақпақты терезелер жасалған еді. Терезелер ішке қарай кеңейе түседі екен. Шығыңқы қабырғалар құрма ағашының бейнелерімен бедерленіпті. Ішкі ауланың айналасындағы қақпа ғимараттарының бағаналы кіреберісінің ені жиырма бес, ұзындығы бес шынтақ екен.
Выбор основного перевода