Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сүлеймен ғимараттың қабырғаларында сыртқа қараған жағы тарлау, ішке қараған жағы кеңдеу етіп ойылып жасалған терезелерді орнатты. Зәйтүн ағашынан жасалған осы екі есікке керубтердің, құрма ағаштарының және ашылған гүлдердің бейнелері ойылып салынды. Есіктердегі бейнелер алтынмен қапталды. Ғимараттың екі жағындағы үш-үштен орналасқан күзетші бөлмелерінің, олардың арасындағы шығыңқы қабырғаларының және бағаналы кіреберісінің өлшемдері дәл Шығыс қақпа ғимаратының өлшемдерімен бірдей екен. Яғни осы ғимараттың ішімен өтетін жолдың да ұзындығы елу, ені жиырма бес шынтақ болып шықты. Оның терезелері, бағаналы кіреберісі мен құрма ағашының бедерлі бейнелерінің өлшемдері де Шығыс қақпа ғимаратының ішімен өтетін жолдың өлшемдеріндей болды. Қақпа ғимаратына жеті баспалдақ көтерілді. Бағаналы кіреберісі ғимараттың ішкі жағында орналасқан еді. Осы қақпа ғимаратына да жеті баспалдақ көтерілді, әрі бағаналы кіреберісі оның ішкі жағында орналасқан еді. Соның екі жағындағы бағаналар да құрма ағашының бейнелерімен бедерленіпті. Бағаналы кіреберісі сыртқы аулаға қарап тұрды. Оның бағаналары да құрма ағашының бейнелерімен бедерленген еді. Ғимаратқа сегіз баспалдақ көтерілді. Қақпа ғимаратының бағаналы кіреберісі сыртқы аулаға шығып тұрды. Екі жағындағы бағаналары да құрма ағашының бейнелерімен бедерленген еді. Оған сегіз баспалдақ көтерілді. Ғимараттың бағаналы кіреберісі сыртқы аулаға қарап тұрды. Оның екі жағындағы бағаналары құрма ағашының бейнелерімен бедерленген еді. Ғимаратқа сегіз баспалдақ көтерілді. керуб атты күзетші періштелер мен құрма ағаштарының бедерлі бейнелері ойылып жасалған еді. Құрма ағаштары мен періштелердің бедерлері бір-бірімен алма-кезектесіп орналастырылыпты. Әрбір күзетші періштенің екі жүзі болды:
Выбор основного перевода