Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Ғимараттың күзетші бөлмелері мен шығыңқы қабырғаларды айналдыра қақпақты терезелер жасалған еді. Терезелер ішке қарай кеңейе түседі екен. Шығыңқы қабырғалар құрма ағашының бейнелерімен бедерленіпті. Ғимараттың екі жағындағы үш-үштен орналасқан күзетші бөлмелерінің, олардың арасындағы шығыңқы қабырғаларының және бағаналы кіреберісінің өлшемдері дәл Шығыс қақпа ғимаратының өлшемдерімен бірдей екен. Яғни осы ғимараттың ішімен өтетін жолдың да ұзындығы елу, ені жиырма бес шынтақ болып шықты. Оның терезелері, бағаналы кіреберісі мен құрма ағашының бедерлі бейнелерінің өлшемдері де Шығыс қақпа ғимаратының ішімен өтетін жолдың өлшемдеріндей болды. Қақпа ғимаратына жеті баспалдақ көтерілді. Бағаналы кіреберісі ғимараттың ішкі жағында орналасқан еді. Оның күзетші бөлмелері, шығыңқы қабырғалары және бағаналы кіреберісінің өлшемдері өзге де қақпа ғимараттарының өлшемдеріндей болды. Қақпа ғимараты мен оның бағаналы кіреберісінің айналасында терезелер бар екен. Ғимараттың ішімен өтетін жолдың ұзындығы елу, ені жиырма бес шынтақ болды.
Выбор основного перевода