Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Содан соң хабаршы тас төселген төменгі жолдың арғы жағы мен ішкі ауланың сыртының арасын өлшеді, ол жүз шынтақ болып шықты. Шығыс және Солтүстік қақпа ғимараттарының қастарындағы сондай аралықтарының өлшемдері де бірдей, яғни жүз шынтақты құрады. Солтүстік қақпа ғимаратына қарама-қарсы тұрған, ішкі аулаға апаратын тағы бір қақпа ғимараты бар еді. Ол Шығыс қақпа ғимаратына қарама-қарсы тұрған әлгі қақпа ғимараты сияқты екен. Хабаршы бір-біріне қарама-қарсы тұрған сол қақпа ғимараттарының арақашықтығын өлшеді, ол да жүз шынтаққа тең болды. Мұнан кейін хабаршы мені ішкі аулаға апаратын шығыс жақтағы қақпа ғимаратына алып келді де, соны өлшеді. Оның өлшемдері басқа қақпа ғимараттарының өлшемдерімен бірдей болып шықты.
Выбор основного перевода