Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Ғимараттың екі жағындағы күзетшілер бөлмелерінің әрқайсысының ені мен ұзындығы да бір-бір өлшеуіш таяққа тең болды. Ал екі бөлменің арасындағы қашықтық бес шынтақ болды. Қақпа ғимаратының ішімен өтетін жолдың ішкі аула жағындағы табалдырығының ұзындығы да бір өлшеуіш таяқтан тұрды. Осы табалдырық бағаналы кіреберістің маңында орналасқан. Шығыс қақпа ғимаратының екі жағында күзетшілерге арналған үш-үштен бөлмелер бар екен. Әрқайсысының үлкендігі бірдей еді. Бөлмелердің арасындағы шығыңқы қабырғалардың қалыңдығы да бірдей болды. Ғимараттың күзетші бөлмелері мен шығыңқы қабырғаларды айналдыра қақпақты терезелер жасалған еді. Терезелер ішке қарай кеңейе түседі екен. Шығыңқы қабырғалар құрма ағашының бейнелерімен бедерленіпті. Ғимараттың екі жағындағы үш-үштен орналасқан күзетші бөлмелерінің, олардың арасындағы шығыңқы қабырғаларының және бағаналы кіреберісінің өлшемдері дәл Шығыс қақпа ғимаратының өлшемдерімен бірдей екен. Яғни осы ғимараттың ішімен өтетін жолдың да ұзындығы елу, ені жиырма бес шынтақ болып шықты. Оның терезелері, бағаналы кіреберісі мен құрма ағашының бедерлі бейнелерінің өлшемдері де Шығыс қақпа ғимаратының ішімен өтетін жолдың өлшемдеріндей болды. Қақпа ғимаратына жеті баспалдақ көтерілді. Бағаналы кіреберісі ғимараттың ішкі жағында орналасқан еді. Қақпа ғимараты мен оның бағаналы кіреберісінің айналасында, өзге қақпа ғимараттарынікіндей тар терезелері бар екен. Ғимараттың ішімен өтетін жолдың ұзындығы елу шынтақ, ені жиырма бес шынтақ болып шықты.
Выбор основного перевода