Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Содан соң хабаршы шығыс жаққа қарап тұрған қақпа ғимаратына барып, баспалдағымен жоғары көтерілді. Ол ғимараттың табалдырығын өлшегенде, оның ұзындығы бір өлшеуіш таяққа тең болып шықты. Содан соң хабаршы бір күзетші бөлмесінің артқы қабырғасының жоғарғы жағынан қарсы жатқан бөлменің артқы қабырғасының жоғарғы жағына дейінгі арақашықтықты өлшеді. Ол жиырма бес шынтақ болып шықты. Ғимараттың сыртқы және ішкі кіреберістерінің аралығы өлшегенде елу шынтақ болды. Ғимараттың күзетші бөлмелері мен шығыңқы қабырғаларды айналдыра қақпақты терезелер жасалған еді. Терезелер ішке қарай кеңейе түседі екен. Шығыңқы қабырғалар құрма ағашының бейнелерімен бедерленіпті. Ішкі ауланың айналасындағы қақпа ғимараттарының бағаналы кіреберісінің ені жиырма бес, ұзындығы бес шынтақ екен.
Выбор основного перевода