Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Құдай мені сол жерге алып келгенде, қала қақпасының маңында тұрған біреуді көрдім. Оның түрі қолаға ұқсады, қолында зығыр жіп пен өлшеуіш таяқ бар еді. Мен киелі үйдің айналасындағы қосалқы бөлмелердің бір негіздің үстінде тұрғанын көрдім. Негіз бір саты көтеріңкі тегіс жатты. Оның биіктігі бір өлшеуіш таяқ, демек алты шынтақ, болды. Осылайша хабаршы бүкіл ауданды төрт жағынан өлшеп шықты. Оның айналасында төрт жағынан Жаратқан Иеге ерекше бағышталған киелі ауданды кәдімгі жерден ажыратып тұратын қоршау қабырға тұрды. Оның ені мен ұзындығы бес жүз шынтақтан болды. Құрбандық үстелінің өлшемдері әдеттегі бір шынтақ пен қосымша бір тұтамнан тұратын ұзындау шынтақпен өлшенеді. Құрбандық үстелінің айналасында тереңдігі бір шынтақ, ені бір шынтақ науа болады. Соның сыртқы шетінде ені бір қарыс болатын ернеуі бар. Ал құрбандық үстелінің биіктігі мынадай: Маған тіл қатқан періште қолына бір өлшеуіш алтын таяқты ұстапты. Осы таяқпен ол қаланы, оның қақпалары мен қабырғаларын өлшеп шықпақ болды. Періште қаланы қоршаған қабырғаны да өлшеп шықты, ол жүз қырық төрт шынтақ екен. Періште әдеттегі адамдар өлшемін қолданды.
Выбор основного перевода