Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сенің тұқымыңды сансыз көбейтіп, көптеген халықты өрбітемін, сенен патшалар да шығатын болады. Мен бұл Келісімді Менімен сенің араңдағы және кейінгі үрім-бұтағыңның арасындағы мәңгілік Келісім ретінде бекітемін. Ол ұрпақтан ұрпаққа созылатын болады. Мен сенің және үрім-бұтағыңның Құдайы боламын. саған ақ батамды шүбәсіз үйіп-төгіп бере отырып, аспандағы жұлдыздар мен теңіз жағалауындағы құм қиыршықтары қаншалықты көп болса, Мен сенің ұрпақтарыңды да соншалықты сансыз етіп көбейтемін. Олар жауларын жеңіп, қалаларын басып алатын болады. Ал Жаратқан Ие исраилдіктерге рақымды да шапағатты болып Ыбырайым, Ысқақ, Жақыппен жасаған Келісіміне бола оларға мейірімімен назарын аударды. Жаратқан Ие бүгінгі күнге дейін оларды не құртқысы, не Өзінің алдынан аластатқысы да келмейді. Сен олардың үрім-бұтағын аспандағы жұлдыздардай сансыз көбейттің. Оларды арғы аталарына: «Кіріп, иемденіп алыңдар!» деген елге алып келдің.
Выбор основного перевода